Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға тапсыратын үміткерлер іріктелуінің екінші конкурсының өткізілуі жарияланды (ЖОО-на xат № 16/4-207, 28.01.2020).
Үміткерлердің құжаттары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында 2020 жыл 22-ші ақпанға дейін Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 28, 3, 404-ші кабинетінде қабылданады.
Құжаттардың тізімі:
1. Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
2. ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
3. шет тілінің деңгейін меңгеруді растайтын құжат:
- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (егер бар болса);
- шетел университетінің шет тілін білу деңгейі бар студентті оқуға қабылдауы жайлы келісім-хаты;
- қазақстандық университеттегі тестілеудің нәтижесі (B2 деңгейінен төмен емес);
4. он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге баруға қарсы еместігі туралы жазбаша келісімі;
5. студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
6. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
7. студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда).
Барлық сұрақтар бойынша тел.8(7172)28 75 26 телефонына хабарласыңыз.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы