Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі шетелде танылатын болады

17.09.2020

Қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері алатын біліктіліктер еуропалық біліктіліктерге сәйкес келеді. 2021 жылдан бастап дипломға (Diploma Supplement) барлық қазақстандық қосымшаларда міндетті түрде қазақстандық жоғары білім біліктіліктерінің еуропалықтармен салыстыру фактісі атап өтілетін болады.

2010 жылдан бастап Қазақстан Болон процесінің толыққанды мүшесі болып табылады, оны 1999 жылы 29 елдің білім министрлері азаматтардың еңбек нарығындағы ұтқырлығына жәрдемдесу, еуропалық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру үшін бастамашылық етті.

Әр түрлі елдерде алынған біліктіліктердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылы Болон процесіне қатысушы елдердің білім министрлерінің конференциясында Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің (ҚР ЕЖББ) біліктіліктерінің жан-жақты шеңбері әзірленіп, бекітілді.

Өзін-өзі сертификаттау жөніндегі есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді.

Бұл жұмыс тобы жоғары білім беру үшін ұлттық біліктілік шеңберін (ҰБК ДБ) әзірледі, сондай-ақ оның ҚР ЕПББ-мен үйлесімділігі мен салыстырымдылығы жөнінде есеп дайындады.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Жоғары білім біліктілігінің Ұлттық шеңберін өзін-өзі сертификаттау жөніндегі есепті Болон процесінің Хатшылығы қабылдады. Бұл Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұлттық жүйесін жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің білім беру жүйелерімен табысты үйлестіруді айғақтайды.