2021 жылғы 17 маусымда Түркістан қаласында Орталық Азия елдерінің білім министрлері конференциясының бірінші күні ашылды. Конференция жұмысына онлайн түрде 250-ден астам адам, оның ішінде аймақтағы елдердің білім министрліктерінің өкілдері (Абылкасымова Г.М., Камолзода И.И., Ниязбеков С.С.), сондай-ақ Еуропалық ұйымдардың өкілдері – Еуропа Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Болон процесінің бақылау тобы, Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің еуропалық тізілімі, Еуропалық студенттер одағы (Колин Тук, Лука Пантеро, Майкл Мерфи, Байба Рамина) және т.б. қатысуда.
Конференцияның мақсаты - Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру жүйесін Болон процесі принциптеріне cәйкес жақындату.
Конференцияға қатысушылар төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауда: