2020 жылы Қазақстанның Болон процесіне қадам басқанына 10 жыл толады. Бұл Қазақстанның жоғары білімі үшін маңызды және тарихи оқиға.
Осыған орай, 2020 жылдың 20-21 қазанында Қазақстанның Болон процесіне қатысуының 10 жылдығына және ЕО Темпус және Эразмус+ бағдарламаларына қатысуының 25 жылдығына арналған халықаралық онлайн форум өтеді.
Іс-шараға академиялық элита өкілдері, университеттер мен әлемге әйгілі қауымдастықтардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, еуропалық сарапшылар, оның ішінде Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Кеңестің, Болон процесі хатшылығының (BFUG) өкілдері қатысады.