Құрметті шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін стипендиялық бағдарламаға қатысуға үміткерлер,
Сіздің назарыңызды ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙТЫНЫНА аударуыңызды сұраймыз.
*Стипендиялық бағдарламалардың операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» болып табылады («Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы №548 бұйрығының 2-тарауының 3-тармағы).