Білім беру бағдарламаларын талдау (бұдан әрі – ББ) «6В01 Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласын даярлаудың 4 бағыты бойынша жүргізілді»:
Даярлаудың төрт бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жалпы саны 821 ББ құрайды және 71 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытылады.
745 ББ (91%) инклюзивті білім беру бойынша курстар енгізілген.
Айта кету керек, 30 ЖЖОКБҰ-да олар енгізген барлық ББ (436 ББ) инклюзивті білім беру курстары қарастырылған (сурет 1).
Қалған ЖЖОКБҰ-да ішінара, кейбір ББ-да аталған курстар жоқ. Осылайша, ЖЖОКБҰ-ға инклюзивті білім беру бойынша пәндерді енгізу мақсатында педагогикалық бағыттағы ББ-ны қайта қарау ұсынылады.